Аймақтар
2 мин оқу 226

Ауруханаға матрас сыйлады

<p style="text-align: justify;">Ел өміріне ауыртпалық болып киліккен коронавирус індетіне қарсы күресте еңбек етіп жүрген дәрігерлерді қолдау аясында Jas Otan жастар қанаты Ақтау қаласында &laquo;Алғыс пакеттерін&raquo; тарату акциясын ұйымдастырды.</p>

Ауруханаға матрас сыйлады

Әрбір пакетте дәрігерлерге ар­налған жеміс-жидектер, тәтті­лер мен сүт өнімдері са­лынған. Волон­тердің айтуынша, бұл акция еліміздің бар­лық өңірінде жалғасын табуда.

– Бүгінде Ақтау қаласында коронавирус инфекциясына қарсы дәрігерлер күн мен түн демей да­мыл­сыз еңбек етуде. Ақтау қаласы бойынша 6 қонақүйге орналастырылған дәрігерлерге, мейірбикелерге күнбе-күн об­лы­с­тық мәслихат депутаттары, кәсіпкерлер, Jas Otan ЖҚ бел­сенділері мен волонтерлер жеміс-жидектер, сүт өнімдері, түрлі тәт­тілерді әкеліп, үлестіріп жүрміз. Бас­ты мақсатымыз – дәрігерлерге алғыс айтып, қиын уақытта қолдау білдіру. Біз бұл ауруды бірлесіп жеңеміз деп сенемін, – деді филиал төрағасы Наурыз­бек Мағдатов.

Жақсы жұмыс жалғасын тауып, арада бір күн өткенде Jas Otan белсенділері көпбейінді про­ви­зорлық стационарға 35­ дана матрас жеткізді. Қа­зір Маң­­ғыс­тау облыстық ауру­­­ханасы көпбейінді про­ви­зор­­лық ста­ционарға ауыс­ты­рылды.­ Нау­қастардың көп­­теп тү­суіне байланысты ауыр нау­қастарға ар­налған мат­рас жетіспеушілігі бай­қал­ды. Осыған байланысты жас­­отандықтар қолдауымен, демеу­­шілер көмегімен волонтерлер матрастарды сатып алып, ауруханаға табыс етті.

– Біз демеушілердің арқа­сында 35 матрас сатып алып, көпсалалы провизорлық ста­ционарға жеткіздік. Бұған дейін аурухана басшылығы матрастар мен төсек-орын тап­­шылығы туралы мәселені айтқан болатын. Сон­дықтан келесі аптадан бастап төсек-орын тігу бойынша жаңа акцияны іске қосуды шештік. Бірлескен күш-жігерімізді пайдаланып, қоғамға үлес қоссақ дейміз – деді Н.Мағдатов.

«Қазіргі жағдайға байла­ныс­ты барша қайырымды жандар бір кісідей атсалысып жатыр. Осыдан 4-5 күн бұрын облыстық Jas Otan жастар қанатының төрағасы хабарласып, қандай қажетті құ­рал­­дар керек екенін сұраған. Реа­нимациядағы науқастарға матрас­тар керек екенін айтып едім. Жұмыла тірлік қылсақ қиындықты еңсеріп, қауіптен тез құтыламыз. Алайда әр адам жауапкершілікті терең сезін­бейінше, қауіп сейіл­мейді. Аурудан сақтанудың жал­­ғыз жолы – оқшаулану, көпшілік ортада маска тағып, антисептикті қорғаныш ретінде пайдалану», деді Маңғыстау облыстық ауру­ханасының бас мейірбикесі Айтбиби Өте­генова.

Көмектің үлкен-кішісі жоқ, сондықтан белсенді жастардың еңбегі – үлкен үлес.

Маңғыстау облысы

Бөлісу:
Ауруханаға матрас сыйлады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар