Қоғам
1 мин оқу 212

Той жасағандар жауапқа тартылады

<p style="text-align: justify;">Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Әділет министрі Марат Бекетаев елдегі карантин кезінде азаматтар мен бизнестің құқықтары мен міндеттері туралы баяндап берді.</p>

Елімізде қауіпті індеттің таралуын азайту үшін ай басында жарияланған карантин режімі Президент шеші­мімен шілденің соңына дейін созыл­ғаны белгілі. Осы тұста Әділет министрі белгіленген шара­ларды бұз­ғандар жауапкершілікке тарты­ла­тынын мәлімдеді. «Азаматтар мен жеке кәсіпкерлер санитария та­лап­­тарын бұзған жағдайда Әкім­шілік құқық бұзушылық туралы ко­дек­стің 425-бабы бойынша (халықтың санитарлық-эпиде­мия­лық сала­маттылығы саласындағы заң­нама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нор­мативтердi бұзу) жауапқа тартылады. Тиісті санитарлық ере­желерді 5 шілдеде Денсаулық сақтау министрі бекіткен», деді М.Бекетаев. Сондай-ақ министр карантин кезінде той жасағандарға 83 мың теңге көлемінде айыппұл салынатынын айтты. Ал егер мұндай шаралардың бары­­сында азаматтар жаппай вирус жұқ­тырса, айыппұлдың да көлемі арта түседі. Ал оқиғаның салда­ры жағымсыз жағдайға апарса, қыл­мыс­тық іс қозғалуы ықтимал екен.

Құқықтық мәселелер туын­да­ған кезде тұрғындар Әділет министр­лігінің Құқық­тық ақпараттық қыз­метінің 119 немесе 58-00-58 нөмір­леріне, сондай-ақ WhatsApp мессенджері арқылы 87086935631 нөміріне жүгіне алады.

Бөлісу:
Той жасағандар жауапқа тартылады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар