Әлемде бір күнде коронавирус жұқтырған 260 мың адам тіркелді
<p style="text-align: justify;">Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы соңғы 24 сағатта әлемде коронавирус жұқтырған 260 мың адам тіркелгенін мәлімдеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> тілшісі ВВС-ге сілтеме жасап.</p>

Ұйымның хабарлауынша, бұл пандемия басталғалы тіркелген ең жоғары көрсеткіш.
"Әлемде коронавирустан қайтыс болғандар саны 600 мыңнан асты. Оның төрттен бірі Америка Құрама Штаттарында тіркелген. АҚШ-та COVID-19 инфекциясынан көз жұмғандар саны 140 мыңнан асқанына қарамастан, Трамп елдегі өлім көрсеткіші әлем бойынша төмен деп мәлімдеді", - деп жазады басылым.
Айта кету керек, коронавирус жұқтырғандар саны бойынша Үндістан үшінші орынға шықты. Мұнда бір күнде 35 мыңнан астам адамнан COVID-19 анықталды. Ал вирус жұқтырғандар саны бойынша бірінші және екінші орында АҚШ пен Бразилия тұр.