Аймақтар
1 мин оқу 340

Нұр-Сұлтанда барлық компьютерлік томографтар тәулік бойы жұмыс істейді

<p style="text-align: justify;">Елордада науқастарға медициналық көмекті дер кезінде көрсету үшін барлық компьютерлік томографтардың жұмысы тәуліктік режимге ауыстырылды. Компьютерлік томография covid-19 нәтижесінде пайда болатын пневмония мен өкпедегі басқа да патологияларды ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік береді. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады, - деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Елордада он жеті КТ-аппараты бар. Олардың барлығы тәулік бойы жұмыс жасайды. Елорда әкімдігі қосымша тағы екі КТ аппаратын сатып алды. Олар шілде айының соңына дейін қалаға әкелінеді.

Қаладағы барлық 14 мемлекеттік және 2 жеке емханада рентген аппараттары бар. Маусым-шілде айларында барлығы 20 мыңға жуық кеуде қуысына зерттеу жүргізілді.

Бөлісу:
Нұр-Сұлтанда барлық компьютерлік томографтар тәулік бойы жұмыс істейді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар