Әлем
1 мин оқу 460

Ұлыбритания ғалымдары коронавирус вакцинасын шығарды

<p style="text-align: justify;">Оксфорд университеті мен AstraZeneca компаниясы қосылып жасаған КВИ-ға арналған тәжірибелік вакцинаның дайын болғанын және оның ағзаға қауіпсіздігі мен клиникалық тәжірибелерде иммундық жақсы әсері барлығын Reuters хабарлайды, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Ұлыбритания ғалымдары коронавирус вакцинасын шығарды

AZD1222 деген ат берілген бұл вакцинаны ДДСҰ ғалымдары әлем бойынша қолдануға болатын басты басты екпе ретінде қарастырып отыр екен.

Вакцинаны тәжірибеден өткізу барысында антидене және Т-жасушалары түзілген және бір атап өтерлігі, вакцинаның   бір емес екі дозасын алған адамдарда ол айқын көрініпті.

Жобаны қаржыландырған Ұлыбритания Премьер-министрі Борис Джонсон  нәтижені "өте жағымды жаңалық" деп бағалапты. Алайда зерттеушілер вакцинаның әлі де зерттеле түсетінін атап өтті.

Бөлісу:
Ұлыбритания ғалымдары коронавирус вакцинасын шығарды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар