Аймақтар
1 мин оқу 170

Шымкентте Сovid-19 ақпараттық порталы іске қосылды

<div style="text-align: justify;">Шымкент қаласында коронавирус туралы нақты ақпарат тарататын арнайы сайт ашылды. Мұнда қала тұрғындары КВИ бойынша жедел статистикамен таныса алады. Бұл туралы денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Т.Варзилов ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте айтып өтті, - деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></div>

Шымкентте Сovid-19 ақпараттық порталы іске қосылды
Сайтта COVID-19, пневмония және ЖРВИ - мен ауыратын науқастар саны, тәулік ішінде ауруханаға түскен және емделіп шыққан науқастар саны туралы ақпарат жарияланады.  
 
"Тұрғындар COVID-19 бырыңғай ақпараттық порталына кіріп ауруханаларда және провизорлық орталықтардағы реанимациялық төсек-орындардың науқаспен қамтылу деңгейін көре алады. Интернет ресурста ақпараттар күн сайын жаңартылып отыратын болады. Сонымен қатар онда дәрігерлердің қатысуымен бейне-брифингтер өтіп, аурудың алдын алу, оның белгілері және сақтану ережелері туралы мағлұмат береді. Сондай-ақ сайтқа кіре отырып, медициналық мекемелер мен провизорлық орталықтардың мекен-жайлары мен телефондары туралы ақпаратты табуға болады",-деді Т.Варзилов.
Сайтқа мына сілтемемен кіреді. 
Бөлісу:
Шымкентте Сovid-19 ақпараттық порталы іске қосылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар