Аймақтар
1 мин оқу 250

Қостанай облысында жалған лаңкес ұсталды

<p style="text-align: justify;">Алтынсарин ауданына қарасты Сатай ауылының тұрғыны ащы суға сылқия тойып алып, бүкіл полиция қызметін әбігерге салып қойды. Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, &nbsp;20 шілде күні "112" нөміріне белгісіз біреу хабарласып, Алтынсарин ауданы орталығына жарылғыш зат қойылғанын, аудан түгелімен жарылып кететінін хабарлаған.</p>

Қостанай облысында жалған лаңкес ұсталды

"Іс-қимыл алгоритміне сәйкес қосымша күш-құралдарды тарта отырып, арнайы жоспар жүргізілді. Жүргізілген іс - шаралар нәтижесінде Алтынсарин ауданы, Сатай селосының 27 жастағы тұрғыны ұсталып, қамауға алынды. Ол мас күйінде осы ақпаратты қасақана хабарлаған. Қазір  ҚР ҚК 273-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдіктінің кінәсі дәлелденсе, 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Мұның сыртында, лаңкестік туралы жалған ақпарат таратып, жедел қызметтерді әбігерге салған адам полицияға келтірілген бүкіл шығынды өтейтін болады", -  деді департаменттің баспасөз қызметі.

Бөлісу:
Қостанай облысында жалған лаңкес ұсталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар