Әлем
1 мин оқу 314

Украина алты елдің азаматына визасыз режім орнатты

<p style="text-align: justify;">Украина алты елдің азаматына визасыз режім орнатты. Тиісті жарлыққа президент Владимир Зеленский қол қойды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Украинаның Аустралия, Жаңа Зеландия, Бахрейн Корольдігі, Кувейт Мемлекеті, Оман Сұлтанаты, Сауд Арабиясы Корольдігімен әріптестік қағидаттарын дамыту және тәжірибелік жобаларды жүзеге асыру аясында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

2020 жылдың 1 тамызынан бастап, егер олардың Украинада болу мерзімі 180 күн ішінде 90 күннен аспайтын болса: Аустралия, Жаңа Зеландия, Бахрейн Корольдігі, Кувейт мемлекеті, Оман Сұлтанаты, Сауд Арабиясы Корольдігінің азаматтары үшін Украинаға визасыз кіру және Украина аумағы арқылы транзиттік өту режімі белгіленсін, делінген құжатта.

Бөлісу:
Украина алты елдің азаматына визасыз режім орнатты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар