Індет жұқтырған алматылық жүкті әйелдер алаңдамауы тиіс
<p style="text-align: justify;">Бұл туралы өңірлік коммуникация қызметі өткізген онлайн-брифинг барысында Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Камалжан Надыров мәлімдеді, - деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

"Әсіресе пандемия кезінде барлық әйелге қауіпсіз босану, босануға дейінгі және босанғаннан кейінгі күтім қолжетімді болуы маңызды", – деді спикер.
Қаладағы барлық перзентханада коронавирус инфекциясы бар жүкті әйелдерді қабылдайтын бөлім бар екенін ерекше атап өтті. Сонымен қатар, №4 перзентханаға 105 төсек орны қосылады. Сондықтан, індет жұқтырғаны анықталған болашақ аналар алаңдамауы керек. Барлық перзентхана инфекцияны бақылаудың қатаң талаптарына сай келеді.
АЛМАТЫ