Науқастардың 60 пайызы сауығып шықты
<p style="text-align: justify;">Алматыда вирус жұқтырғандардың жартысынан астамы са­уық­ты. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі өткіз­­ген онлайн-брифинг барысында қалалық денсаулық сақ­тау басқармасының басшысы Камалжан Надыров мә­лім­де­ді.</p>

«Алматы қаласы коронавируспен күресте бар күш-жігерін салып отыр. Қала бойынша эпидемиялық жағдай шиеленіскен, бірақ реттелуде. Қазір көрсеткіштер тұрақтанды, жүйелі жұмыстар атқарылуда. Бүгінде Алматыдағы эпидемиялық жағдай келесідей: қазір қалада 9634 COVID-19 жағдайы тіркелген. Тәулік ішінде 241 жағдай анықталды. 5667 адам немесе науқастардың 60%-ы сауыққан соң ауруханадан шығарылды, тәулігіне 379 пациент емдеуден босатылды. Коронавирустан қайтыс болғандар саны 73 адамды құрайды. КВИ симптомдарымен үйде ем алып жатқан 2446 адам бақылауда, олардың ішінде симптомсыздар саны – 1762 және симптомдарымен 684 пациент бар, негізінен олар жеңіл сырқаттанған жандар. Бүгінде жалпы індетке арналған 6001 төсектік орын болса, оның 49%-ы бос емес», деді К.Надыров.
АЛМАТЫ