Оқиға
1 мин оқу 820

Мәнерлеп сырғанау академиясы ашылады

<p style="text-align: justify;">Алматыда мәнерлеп сыр&shy;ғанаудан Сочи Олим&shy;пиа&shy;дасының қола жүлдегері Денис Тен атындағы Global Figure Skating мәнерлеп сырғанау академиясы ашылады.</p>

Мәнерлеп сырғанау академиясы ашылады

Жоба Мəдениет жəне спорт министрлігі, Алматы қаласының Мəдениет жəне спорт басқармасы мен марқұмның анасы Оксана Тенмен бірлесіп жүзеге асырылып жа­тыр. Global Figure Skating ака­демиясы – кезінде Денис Тен­нің еліміздегі мəнерлеп сыр­ғанау спортының дең­гейін зерттей келе, жеке тəжі­рибесіне сү­йене отырып, да­йындалған жо­ба болатын. Академия Алматы қа­ла­­сындағы мұз сарайының бі­рінің жанынан ашылады.

Денис Тен атындағы Global Figure Skating мəнер­леп сырғанау академиясы Қа­зақстанда мəнер­леп сыр­ғанау спортын дамытуға бағыт­тал­ған бірыңғай орталық болады. Академия балалар ара­сын­да аталған спорт түрін бұқ­а­ралық деңгейге жеткізуге бағыт­талады. Қазір Оксана Тен Global Figure Skating академиясында ба­лаларды баулу үшін Денисті жат­тықтырған Татьяна Тарасова, Фрэнк Кэролл сынды даңқты бап­кер­лермен келіссөз жүргізіп жатыр.

Мəдениет жəне спорт минис­трлігі аталған ака­демия­ның ашылуы еліміз­де мəнерлер сырғанау спор­тының дамуына серпін береді деп жоспарлап отыр. Ал Ал­маты қаласында мем­лекеттік жəне жеке секция­ларда 5 000-нан астам бала мəнерлеп сырғанаумен тұрақ­ты шұғылданады. Акаде­мия ашылған соң, балалар бір орталықта дайындалады. Соны­мен қатар алдағы уақыт­та осындай академияны Нұр-Сұлтан қаласынан да ашу жоспарланып жатыр.

Бүгінде еліміздің 13 өңі­рінде (Ақтөбе, Алматы, Аты­рау, БҚО, ШҚО, Қара­ғанды Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павло­дар облысы мен Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары) мәнерлеп сырғанау секциясы жұмыс істейді.

Бөлісу:
Мәнерлеп сырғанау академиясы ашылады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар