Теннис
1 мин оқу 153

Украинада топ жарды

<p style="text-align: justify;">&laquo;Team Kazakhstan&raquo; академиясының түлегі Дана Байдәулет Украинаның бас шаһары &ndash; Киевте өткен М.В.Баль&shy;ваның мемориалына арналған турнир&shy;дің жеңімпазы атанды, деп хабарлады ҰОК баспасөз қызметі.</p>

Украинада топ жарды

Іріктеу кезеңінде барлық қарсыласынан басым түскен отандасымыз финалда жарыс қожайыны Олеса Ревваны екі сетте 7:5, 7:5 есебімен жеңіп, жекелей сында топ жарды. Қандасымыз жартылай финалда Дарья Журидті 0:6, 6:0, 6:2 есебімен ұтса, ширек финалда София Черноморскпен кездесіп, 6:2, 6:0 есебімен айласын асырды. Екінші кезеңде Валерия Корнееваны 6:1, 6:0 ұпайымен, бірінші айналымда Мария Попованы 6:0, 6:0 есебімен айқын басымдықпен жеңді.

Сондай-ақ Дана Байдәулет Дарья Жарид­пен бірге жұптық кезеңде де жеңіске жетті. Олар финалда Олеса Ревва және Анна Мед­ведева жұбымен кездесіп, 6:3, 7:6 есебімен қапы қалдырды.

Бөлісу:
Украинада топ жарды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар