Коронавирус
1 мин оқу 232

"Әлем барысы" иммундық плазма доноры болды

<p style="text-align: justify;">Қатерлі кеселден айығып шыққан&nbsp; қазақ күресінен әлем чемпионы Айбек Нұғымаров пен семейлік электртехникалық колледж директоры Азат Сәрпеков қан орталығына барып, иммундық плазма доноры болды, - деп хабарлайды <a href="https://egemen.kz/">Egemen.kz</a> Қазақстан ұлттық телеарнасына сілтеме жасап.&nbsp;</p>

Мамандардың айтуынша, бір адамнан 600-650 мл плазма алынады. Бұл, шамамен, індет жұқтырған үш науқасты емдеп, қауіпті індеттің ілмегінен құтқаруға көмектеседі.

Айта кетейік, Семейде 31 адам донор болуға өтініш білдірген. Оның ішінде қан орталығының 8 қызметкері бар. Олардан алынған иммундық плазманың дозалары осы орталықта әзірленіп, қажеттілігіне байланысты қаладағы ауруханаларға таратылады.

Бөлісу:
"Әлем барысы" иммундық плазма доноры болды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар