Аймақтар
1 мин оқу 1,090

Бұлақ басына сора еккендер ұсталды

<p style="text-align: justify;">19 шілде күні полицейлер Жаңақорған ауданы Қосүйеңкі ауылынан 40 шақырым жердегі бұлақ басына &nbsp;егілгген 240 түп сора, 100 түп көкнар алқабының үстінен түсті,&nbsp;деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a><br /><br /></p>

Бұлақ басына сора еккендер ұсталды

Жедел іздестіру шаралары нәтижесінде Жаңақорған ауданының екі тұрғыны ұсталып, олардан полиэтилен пакетке оралған кептірілген шөп ұнтақтары айғақ зат ретінде алынды. Сараптама қорытындысы оның кептірілген марихуана екендігін анықтап отыр.    

Қазір күдіктілер уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынып, бұл дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 300-бабының 2- сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.

Бөлісу:
Бұлақ басына сора еккендер ұсталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар