Коронавирус
1 мин оқу 184

Ордабасы ауданында 100 адамдық провизорлық орталық дайындалуда

<p style="text-align: justify;">Түркістан облысының Ордабасы ауданында 100 адамдық провизорлық орталық дайындалуда, - деп хабарлайды<a href="https://egemen.kz/"> Egemen.kz</a>.</p>

Аудандық аурухананың бұрынғы ғимараты жергілікті кәсіпкерлердің қолдауымен толық жөндеуден өтуде. Нысан тамыз айында пайдалануға беріледі.. Орталықтың жалпы аумағы – 1500 шаршы метрді құрайды.
 
"Бұл өз кезегінде ауданда науқастардың азаюына және аурудың кең таралмауына сеп болады", - дейді мамандар. 
 
Айта кетейік, Түркістан облысында пандемиямен күрес белсенді жүргізілуде.  Осыған дейін қажетті дәрі-дәрмек үшін облыс бюджетінен қаражат бөлініп, Өзбекстаннан 5 млн данаға жуық дәрілік препараттар әкелінген еді. 
 
Бөлісу:
Ордабасы ауданында 100 адамдық провизорлық орталық дайындалуда · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар