Аймақтар
1 мин оқу 640

Атырауда 103 нөміріне қоңырау шалушылар саны екі есеге азайды

<p style="text-align: justify;">Облыстық жедел жәрдем стансасы директорының міндетін атқарушы Наргиз Баймолдаеваның айтуынша,&nbsp; қазіргі уақытта 103 нөмірі арқылы call-орталыққа хабарласушылар саны азайып отыр, - деп хабарлайды <a href="https://egemen.kz/">Egemen.kz</a>.</p>

Атырауда 103 нөміріне қоңырау шалушылар саны екі есеге азайды

"Мәселен, 20 маусымнан бастап  тәулігіне 1300 қоңырау түсетін еді. Ал,  қазір шамамен 720-730 қоңырау шалынады.  Оның 300-ге жуығы аудан тұрғындарынан түседі.  Қоңыраулар саны 25 пайызға азайып, онлайн-консультациялар саны да кеміді. Хабарласушылардың басым бөлігі дене қызуы көтерілетінін айтады. Сөйтіп, өздерінде коронавирус инфекциясының белгілері бар-жоғын анықтағысы келеді. Сондай-ақ, мұндай жағдайда не істеу керек,  қайда бару, қандай ем қабылдау қажеттігін сұрайды", - дейді Наргиз Баймолдаева.

Қазір call-орталықта 36 тәжірбиелі маман тұрғындарға кеңес береді.  Олар 4 ауысыммен  тәулік бойы сағат жұмыс істейді.

Бөлісу:
Атырауда 103 нөміріне қоңырау шалушылар саны екі есеге азайды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар