Коронавирус
1 мин оқу 450

Алматы маңында дәрі жасайтын жасырын цех анықталды

<p style="text-align: justify;">Экономикалық тергеу департаменті мен қалалық прокуратура бірлесе ұйымдастырған жедел іздестіру барысында, дәрі қаптамасына арналған материал өндіретін баспахана мен препарат сақтайтын қойма табылды, - деп хабарлайды <a href="https://egemen.kz/">Egemen.kz</a> Қазақстан Ұлттық арнасына сілтеме жасап.&nbsp;</p>

Заңсыз жасалған 100 тоннадай дәрі-дәрмек пен 8 жарым миллион дана маска тәркіленген. Халыққа жасанды дәрі сатпақ болғандар заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқаны үшін 5 мың айлық есепті көрсеткіш көлемінде айыппұл арқалайды немесе 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Еске салайық, осыған дейін Атырау облысында да дәрі-дәрмек бағасын аспандатқан 16 дәріхана иесі жауапкершілікке тартылған еді. Оларға 2 жарым миллион теңгеден астам айыппұл салынды. Мұндай жағдай қайталанса,  дәріханалар лицензиясынан айырылады, дейді жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері.

Бөлісу:
Алматы маңында дәрі жасайтын жасырын цех анықталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар