Аймақтар
1 мин оқу 160

Алакөлде шектеу шаралары алынды

<p style="text-align: justify;">Алакөлдің Шығыс Қазақстан облысы аумағындағы бөлігіне қойылған шектеу шаралары алынып тасталды, - деп хабарлайды <a href="https://egemen.kz/">Egemen.kz</a>.</p>

Еске салайық  23-ші шілде күні Үржар ауданы бас санитарының шешімімен Алакөлде демалушыларды қабылдауға тыйым салынған еді. Бірақ, жергілікті кәсіпкерлер бұған наразылық білдіріп, шешімді өзгертуді өтінген.

Нәтижесінде, облыстың бас санитары шектеу шараларын тоқтатты. Десе де, алдағы уақытта коронавирустың таралу көрсеткіші өссе, шектеу шараларының режимі мен мерзімі де өзгеруі мүмкін дейді санитар.

Бөлісу:
Алакөлде шектеу шаралары алынды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар