Руханият
1 мин оқу 480

Ұлыбританияда Әл-Фараби мұрасына арналған симпозиум өтті

<p style="text-align: justify;">Шығыстың ғұлама ойшылы Әбу Насыр әл-Фарабидің өмірі мен мұрасы арнайы гибридтік форматта өткен халықаралық ғылыми симпозиумда талқыланды, - деп хабарлайды<a href="https://egemen.kz/"> Egemen.kz</a></p>

200-ге жуық қатысушының басым бөлігі іс-шараға онлайн қосылды. Ұлыбритания, Қазақстан, АҚШ және Германияның жетекші ғалымдары ұлы ғұламаның сан түрлі тақырыптағы  трактаттарына шолу жасады.  Ұлы ойшылдың 1150 жылдығына арналған кеңесте  музыка іліміне қосқан үлесі де назардан тыс қалған жоқ. Оксфорд исламдық зерттеулер орталығының директоры Фархан Низами, бұл іс-шара Қазақстанмен ұзақ мерзімді ғылыми ынтымақтастық орнатуға серпін беретініне сенім білдірді.

Бөлісу:
Ұлыбританияда Әл-Фараби мұрасына арналған симпозиум өтті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар