Саясат
2 мин оқу 173

58 үміткер тіркелді

<p style="text-align: justify;">Орталық сайлау комиссиясының кезекті отырысы өтіп, онда Сенат депутаттарын сайлау науқанына қатысты бірқатар мәселе қаралып, үміткерлерді тіркеу қорытындылары жарияланды.</p>

Одан бөлек қатысушылар сайлау бюллетеньдерін дайындау және сайлауда шет мемлекеттердің, ха­лық­аралық ұйымдардың байқау­шы­лары, шетелдік бұқаралық ақпа­рат құралдары өкілдері қызме­тінің кейбір мәселелерін талқы­лады. Кан­дидаттарды тіркеу қоры­тын­дылары туралы аумақтық сайлау комис­сияларының төрағалары баян­­дады.

23 шілде сағат 18.00-дегі жағ­дай бойынша облыстардың, Нұр-Сұл­тан, Алматы және Шым­кент қалаларының сайлау ко­мис­сия­лары Қазақстан Республи­касы Пар­ламенті Сенаты депутат­тарының 17 мандатына ұсынылған 94 адамның ішінен 58 кандидат­ты тіркеді. Орта­ша есеппен бір орынға 3 үміткерден келеді. Өңірлер арасында ең көп кан­дидат Нұр-Сұлтанда және Ақмо­ла облысында 5 адамнан тіркелген. Кандидаттардың 48-і (82,8%) ер, ал 10-ы (17,2%) әйел.

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев әйелдердің белсенді екенін атап өтті. Олардың пайыздық көрсеткіші – 17,2. Бұл өткен сайлау науқанымен салыс­тырғанда 2 есе жоғары. Маман­дықтар бойынша 19 инженер, 13 экономист, 8 педагог, 7 аграрлық сала қызметкері, 5 дәрігер, 3 заңгер, 1 саясаттанушы және 2 басқа сала қыз­меткері тіркелген. 23 шілдеде сағат 18.00-ден бастап Сенат де­пу­­­­тат­­­тығына тіркелген барлық канди­­дат­тар сайлау алдындағы үгіт жұ­мыс­­тарын бастап кетті, ол 11 та­­мыз күнгі сағат 00.00-ге дейін жал­ға­сады.

Ал ОСК хатшысы Сабила Мұста­фина сайлау бюллетеньдерін әзір­леуге қатысты баяндама жасады. Комиссия қабылдаған «2020 жылы 12 тамызға тағай­ын­далған Қазақстан Республи­касы Парламенті Сенаты депутат­тарының сайлауына сайлау бюллетеньдерін дайындау туралы» қаулыға сәйкес облыстық, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалық комиссияларына тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің сайлаушылар санына сәйкес бюллетеньдер да­йындау тапсырылды.

Комиссия мүшесі Серік Сыды­қов Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрі­герімен бірлесіп сайлауды өткізу ке­зінде коронавирустық инфекция­ның таралуының алдын алу бойын­ша ұсынымдар әзірлеп, қол қойға­нын хабарлады. Жалпы сайлау про­цесінің санитарлық қауіпсіз­дігін қамтамасыз ету бойынша негіз­гі шешімдерді облыстар, респуб­ли­калық маңызы бар қалалар мен ас­тананың аумақтық сайлау комис­сиялары Бас мемлекеттік сани­тар­лық дәрігерлермен бірлесіп қабыл­дайтыны айтылды.

Ал шет мемлекеттер мен халық­­аралық ұйымдардың байқау­шы­лары Сыртқы істер министрлігінің ұсы­нысы бойынша аккредиттеледі. Шетелдік БАҚ өкілі Сыртқы істер министрлігі берген аккредиттеу туралы куәлігі болған жағдайда сайлау­ды бақылай алады.

Бөлісу:
58 үміткер тіркелді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар