Аймақтар
1 мин оқу 480

Дәрі қорының тапшылығы анықталды

<p style="text-align: justify;">Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша өңірлердегі эпидемиялық жағдайды тексеру үшін Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына барды. Сапар барысында облыстағы бірқатар медициналық мекемелерді аралап, өңірдегі медицина қызметкерлерімен кездесу өткізді, сондай-ақ &laquo;СҚ-Фармация&raquo; ЖШС қоймаларында дәрі-дәрмектер қорының болуын тексерді.</p>

Дәрі қорының тапшылығы анықталды

«СҚ-Фармация» ЖШС қойма­ларын тексеру кезінде КВИ мен пневмонияны емдеу үшін қажетті дәрі-дәрмектердің екі түрі – декса­метазон және преднизолон дәрілері бойынша бір айлық қорының тапшылығы анықталды. Осы мәселені шешу үшін «СҚ-Фармация» ЖШС-ына Маңғыстау облысының әкімдігімен бірлесіп медициналық мекемелерге тиелген дәрі-дәрмектерге аудит жүргізу, сондай-ақ қысқа мерзім ішінде дәрілік заттардың қажетті қорын қамтамасыз ету тапсырылды.

Үкіметтік делегация сонымен қатар Ақтаудағы қонақ үйлердің бірінде медицина қызметкерлерінің тұру жағдайымен танысты. Бүгін­гі таңда қонақ үйде мамандар орна­ластырылған, оның ішінде басқа өңірлерден іссапарға жіберілген 11 әскери дәрігер бар.

Кездесу барысында медицина қызметкерлері тұру және жұмыс істеу жағдайлары, сондай-ақ өңірде енгізілген карантин шаралары арқылы ауруханаларда жүктеменің тұрақты азайғаны туралы айтып берді. Премьер-Министрдің орын­басары пандемия кезіндегі алдыңғы шептегі ерен еңбегі үшін медицина қызметкерлеріне алғыс білдірді.

Айта кетейік, COVID-19-бен күресу үшін өңірге 47 маман тартылды. Дәрігерлер екі ауысымда жұмыс істейді және карантин ша­ралары аясында 15 қонақ үйде оқ­шауланып тұрып жатыр, олар бар­лық қажетті заттармен, оның ішінде жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілген.

Бұған дейін Е. Тоғжанов Қызыл­орда облысына барып, онда шұғыл кеңес өткізген еді және облыстық бірқатар медицина мекемелері мен дәріханаларды аралады.

 

Маңғыстау облысы

Бөлісу:
Дәрі қорының тапшылығы анықталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар