Спорт
1 мин оқу 160

Спорттық іс-шаралар өтпейді

<p style="text-align: justify;">Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (АТР) мен Әйелдер теннисі қауым&shy;дастығы (WTA) 2020 жылы Қытайдағы турнирлердің өтпейтінін мәлімдеді, деп хабарлады ҰОК баспасөз қызметі.</p>

Спорттық іс-шаралар өтпейді

Мұндай шешім қабылдауға Қытай билігінің жыл соңына дейін коронавирус індетіне байланысты қандай да бір жарыс­ты өткізбеуі себеп болған. Осылайша, WTA Қытайдағы жеті жарыстың өтпейтінін мәлімдеді. Оның ішінде, WTA финалдық кезеңі де бар. Аталған турнир 1-8 қараша аралығында өтуі тиіс болатын.

Ерлер арасында өтпейтін бәсекелер қатарында Шанхайдағы Masters 1000 тур­нирі, Азиядағы жалғыз АТР Masters 1000 турнирі бар. Әлемдік қауымдастықтар Қытай билігінің бұл шешіміне құрметпен қарай­тынын жеткізген.

Бөлісу:
Спорттық іс-шаралар өтпейді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар