Қоғам
1 мин оқу 795

Балаева "Tamasha TV" телеарнасының жабылуына пікір білдірді

<p style="text-align: justify;">Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Facebook парақшасында <a href="https://m.facebook.com/profile.php?id=100000425144626">жазды</a>, - деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Балаева "Tamasha TV" телеарнасының жабылуына пікір білдірді

"Телеарналар да тірі организм секілді. Уақыт өте келе, заман талабының жалына жармаса алмай, тіршілігін түзей алмағаны жабылып, орнына жаңасы ашылып жатады. Бұл – табиғи, қалыпты процесс. Ойын-сауық бағытындағы "Tamasha TV" телеарнасы жұмысын тоқтатып жатса, 30 маусымнан бастап "Abai tv" мәдени-ағарту телеарнасы эфирге шығып, халықпен қауышып отыр", - деді ол.

Министр мемлекеттік телеарналар халықтың көкейіндегіні дөп басатын хабарлар дайындауды жалғастыратынын айтты.

"Бұл тұста ең басты мәселе, алдағы уақытта мемлекеттік телеарналардың қай-қайсысында болсын, ұлттық құндылықтарды насихаттау, этносаралық бірлікті нығайту, еліміздегі саяси тұрақтылық пен қарапайым халықтың көкейіндегіні дөп басатын хабарлар дайындау бағытындағы жұмыстар одан әрі жандана түсетінін баса айтқымыз келеді", - деді ол.

Айта кетейік, "Tamasha TV" телеарнасы жұмысын тоқтатады.

Бөлісу:
Балаева "Tamasha TV" телеарнасының жабылуына пікір білдірді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар