Экономика
3 мин оқу 290

Шағын бизнесті ынталандыру қажет

<p style="text-align: justify;">Биылғы Astana Finance Days қаржы конференциясы онлайн режімде өтті. Astana халықаралық қаржы орталығының ұйымдастыруымен өткен шараның панельдік отырысы исламдық қаржыландырудың Орталық Азиядағы келешегіне арналды.</p>

Шағын бизнесті ынталандыру қажет

Бейнеконференцияны жүргіз­ген қаржыгер Зияд Мұхамед Қазақ­стандағы шағын және орта биз­нестің жалпы ахуалына қысқаша тоқталды.

– Қазақстанда 1 мың адамға 12-20 ШОБ нысаны келеді. Ал да­мыған елдерде бұл көрсеткіш 30-дан асады. Яғни өсуге кеңістік жет­кілікті. ШОБ-тың елдің ішкі жал­пы өніміндегі үлесі 30 %-ға тең. Дамы­ған елдерде бұл көрсеткіш 50 %, – деді маман.

 Ал Исламдық қаржыландыру бойынша халықаралық білім беру орталығының (INCEIF) президенті және бас директоры Мохд Азми Омар Қазақстанға экономиканы әртараптандыруда Малайзияның моделін зерттеу қызықты болар еді деген ұсыныс айтты.

– Малайзия – экономикасы барынша әртараптанған ел. Мұ­най бізде де бар. Бірақ оның ІЖӨ-дегі үлесі елеусіз. Бізде қар­жы, ауыл шаруашылығы, қызмет көрсету саласының үлесі жоғары. Ал әлеуметтік кәсіпкерлік – эко­номиканың дербес бөлігі. Елде шамамен бір миллиондай ШОБ нысаны болса, соның 20 мыңдайы әлеуметтік кәсіпкерлік нысан. Табыстары аса жоғары деп айтуға келмейді. Өйткені олардың негізгі міндеті түрлі топтарға қолдау көр­сету. Білім беру саласын­да әлеу­меттік кәсіпкерлер көп. Олар­дың жұмысы ауылдағы халықтың сауатын арттыруға бағытталған»,  дей келе, малайзиялық профессор пандемия кезінде саудасы бәсеңдеп қалған шағын бизнес өкілдерін цифр­лы нарыққа шығару керек деген пікір айтты.

– ШОБ пандемиядан өте ауыр зардап шекті. Әлі де кері ықпалы азаймай тұр. Малайзия пандемия кезінде бизнеске кө­мек көрсету үшін 3 түрлі топты бөліп алды. Олар – өзін өзі жұмыспен қамтушылар, орта бизнес нысандары және транс­ұлттық кәсіпорындар. Өзін өзі жұ­мыспен қамтушылар жинаған ақша­сымен карантин кезінде бір ай ғана күн көре алатыны белгілі болды. Орта кәсіпкерлік нысандары 2 ай ғана күн көре алады. Бұл мерзім біт­кенде екі топ та кедейліктің ше­гіне құлдырайды. Бұл екі топты на­рықта қалдыру үшін цифрлы нарыққа шығуын қамтамасыз ету керек. Ал сауданы цифрландыру олар үшін қымбатқа түсуі мүмкін. Өйт­кені мұндай қызмет арзан тұр­майды. Малайзияда оларға банктер көмек көрсетіп жатыр. Мы­салы, Орталық банк цифрлы нарыққа көшкен кәсіпорындарға түрлі ынталандыру шараларын ұсы­нып отыр. Соның арқасында ШОБ өкіл­дері өз өнімі мен қыз­метін маманданған компаниялар арқылы са­туға мүм­кіндік алды. Оңтүстік Шы­ғыс Азия­да Малай­зия цифрлы әмиян­дар үлесі бойынша бірінші орын­да. Пан­демия әсе­рінен қолма-қол төлем 64%-ға азайыпты, – деді ол.

Конференцияға қатысушылар Қазақ­стандағы ШОБ цифрлы на­рық­қа сәтті көшуі үшін сапалы интернет қолжетімді болу керек деп түйді. Ал бұл үшін мәжбүрлейтін заң шығару орынсыз болмақ. Өйт­кені елімізде жылдамдығы жоғары интернетпен қамтылмаған елді мекендер бар.

– Қазір бүкіл салада цифрлы на­рыққа ену үшін талас жүріп жатыр. Сондықтан Малайзияда Ор­талық банк шағын және орта бизнеске түрлі өнімдер ұсынып отыр. Цифрлы қаржыландырумен айналысатын стартап жобалар бар. Карантин кезінде адамдар үй­д­ен шыға алмады. Қажетті заттар­ды алу үшін үйдің маңындағы дүкен­дерге баратын болды. Ондай дү­кендер көбінесе ескі тәсілмен, қол­­­ма-қол төлем арқылы жұмыс іс­тейді. Осыны пайдаланып, кейір дү­кендер WhatsApp арқылы сауда алаңын ашты. Тауарды, жеткізіп беру қызметін сол WhatsApp арқы­лы жарнамалауға мүмкіндік алды. Оның өзі өте арзанға түсті. Орта бизнес нысандарының кейбірі өз ак­цияларын биржаға шығарды. Осы екі мысалды кеңес ретінде атауға болады. Astana халықаралық қаржы орталығының базасында «Зекет» қорларын ұйымдастырып сол арқылы да микробизнеске қол­дау жасауға болады, – деді Мохд Азми Омар.

Бөлісу:
Шағын бизнесті ынталандыру қажет · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар