Елордада көтерме-тарату орталығы салынады
<p style="text-align: justify;">Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Ерлан Бекмұрзаев бас қалада көтерме-бөлу орталықтарының құрылысы жүргізілетінін мәлім етті, деп хабарлайды <a href="https://elorda.info/qazaq/main">Елорда Инфо</a> тілшісі.</p>

"Көтерме-бөлу орталықтарында көкөніс сақтау желісін дамыту бойынша нақты инвесторлармен жұмыс істеуді бастадық. Қазіргі уақытта көтерме-бөлу орталықтарының құрылысы бойынша 3 инвестор бар. Сол сияқты министрлікпен бірлесіп мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бойынша қосымша көтерме-бөлу орталықтарының құрылысы бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұл инфрақұрылымның бәрі болашақта елорданың әлеуметтік азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етеді", – дейді басқарма басшысы.