Коронавирус
1 мин оқу 305

Дәрі бағасын қымбаттатқандар арасында медицина қызметкерлері де бар

<p style="text-align: justify;">Елімізде полицейлер 20 күн бойы дәрі алыпсатарларына тексеріс жүргізді. Нәтижесінде, 604 дерек тіркеліпті. Жартысына жуығы медицина саласының қызметкерлері. Олар препараттарды әлеуметтік желі арқылы нарық бағасынан әлдеқайда қымбатқа сатып келген, - деп хабарлайды <a href="https://egemen.kz/">Egemen.kz</a>.</p>

Түркістан облысының Жетісай қаласында базардан заңсыз дәріхана ашып алғандар  анықталды. Дәрілік заттардың 558 орамасы тәркіленді. Сондай-ақ өз үйінде көлеңкелі сауда жасаған  Арыс қаласының тұрғыны ұсталған. Батыс Қазақстанда да дәрігер өз баспанасында дәрі өткізген. Елордада бағаны көтерген 13 дәріхана белгілі болды.

Тәртіп сақшылары рейд кезінде миллионға жуық дәрі-дәрмек, 500 мыңдай маска және 36 мыңнан аса қорғаныс құралын тәркіледі. 

Мұндай дерек Алматыда да тіркелді. Тұрғынды тексеру барысында 100 тонна жасанды дәрілік зат табылған.

Бұған байланысты Сенат депутаты Мұхтар Құл-Мұхаммед бас прокурорға хат жолдап, фармацевтикалық қоймалар мен дәріханаларды тексеруді ұсынды. Сондай-ақ, жасанды дәрілік препараттарды даярлауға қатысты жазаны қатайту қажет деп санайтынын жеткізді.

Бөлісу:
Дәрі бағасын қымбаттатқандар арасында медицина қызметкерлері де бар · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар