Қошқарбаев даңғылы 12 тамызға дейін жартылай жабылды
<p style="text-align: justify;">Жүргізушілер маршрутын алдын-ала жоспарлауы керек, деп хабарлайды <a href="http://astana.gov.kz/kz/news/news/23801">елорда</a> әкімдігінің баспасөз қызметі.</p>

Көше-жол желісін орташа жөндеу аясында Қошқарбаев даңғылында Сарыкөл көшесінен Қордай көшесіне дейін жол құрылысын салу жоспарланған, деп хабарлады қалалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы.
Осыған орай 28 шілде мен 12 тамыз аралығында көлік қозғалысын жартылай жабу жоспарланған. Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау үшін маршрутын алдын-ала жоспарлауы керек.
"Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жөндеу жұмыстарына түсіністікпен қарауды сұраймыз", – делінген басқарма хабарламасында.