Елордада "Қолымдағы кітап" акциясы басталды
<p style="text-align: justify;">Нұр-Сұлтан қаласы бойынша "Рухани жаңғыру" жобалық кеңсесі бастаған акцияға "Nur Otan" партиясы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің оқытушылары мен блогерлер қолдау көрсетуде. Бұл туралы <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.</p>

"Рухани жаңғыру" жобалық кеңсесі карантин уақытында "Қолымдағы кітап" акциясын бастады. Әлеуметтік желі қолданушылары арасында кітап оқу мәдениеті насихатталатын болады. Қатысушылар карантин уақытында өздері оқып жатқан кітапты таныстырады. Сондай-ақ өздерінің сүйікті авторларымен, шығармаларымен бөліседі.
Акция барысында кітапқұмар блогер және қоғам қайраткерлерімен тікелей эфирлер, онлайн сұхбаттар ұйымдастырылады. Онлайн іс-шараның тұсаукесері блогер Айнұр Бұлақбаймен өткізілді.
Тікелей эфир барысында ол кітап оқуды қалай әдетке айналдыру, жылдам оқу техникасының құпияларымен бөлісті. Эфир барысында көрермендер өз сұрақтарына жауап алды.