Атырауда теннис орталығы сенімгерлік басқаруға беріледі

Бұл орталық төрт жыл бұрын пайдалануға берілген еді. Енді теннис орталығы мүлкімен бірге сенімгерлік басқаруға ұсынылып отыр, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Алайда, сенімгерлік басқарудан үміті бар тұлға орталықты кейін сатып алу құқығын иеленбейді.
Облыстық қаржы басқармасы теннис орталығын электронды сауда алаңында сатылымға шығарды. Басқарманың ақпаратына сүйенсек, нысан теннис спортындамыту, аталған спорт түрімен шұғылданатындардың, оның ішінде, жергілікті балалар мен жасөспірімдердің, жастардың санын арттыру мақсатында пайдаланылуықажет. Демек, бастапқыда көзделген мақсат өзгермейді.
"Нысанның жалпы аумағы – 4 887,5 шаршы метр, жер учаскесі – 2,1 мың гектар, 156 түрлі 817 дана мүлкі бар. Бастапқы баланстық құны – 1 514 565 725,37 теңге", делінген басқарманың ақпаратында.
Қазір теннис орталығын сенімгерлік басқаруға алатын тұлғаны анықтайтын конкурсқа құжат қабылданып жатыр. Конкурс нәтижесі 30 шілдеде белгілі болмақ.