Оқиға
1 мин оқу 613

Талдыкөл табиғи саябаққа айналады

<p style="text-align: justify;">Елордадағы Талдыкөл маңын абаттандыру, көгалдандыру жөнінде осыған дейін де бірқатар жоба қарастырылған болатын. Оның ішінде Диснейленд орталығын құру сынды күллі астаналықтарды бейжай қалдырмаған ауқымды жобалар болды. Жуырда Нұр-Сұлтан қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы аталған көлдің маңынан ашылуы жоспарланып отырған табиғи парктің сызбасын жариялады.</p>

Талдыкөл табиғи саябаққа айналады

Жоба бойынша, рекреациялық ай­мақ­тың аумағы 5700 гектарды қам­тиды. Саябақ қаланың оңтүстік-батысында – Қорғалжын шоссесі, Ш.Айтматов көшесі мен К-1 айналма жолы аралығында орналасады деп жос­парланып отыр. Тұжырымдамаға сәйкес, парк бірнеше аймаққа бөлі­неді. Оның ішінде орман паркі, су­лы-батпақты алқап, хайуанаттар пар­кі, сафари паркі және этнопарк қарастырылған. Сондай-ақ жобада визит орталық, қонақ үй мен мейрамханалар кешені, балалар мен спорттық алаңдар да көрсетілген.

Қазір жасыл аймақтың табиғи ғы­лыми негіздемесі жасалған. Парк Қызыл кітапқа енген құстар мен жа­нуар­лардың тіршілік ету ортасы ретіндегі табиғи қалпын сақтайды, сонымен бірге студенттерге, биологтарға, ихтиологтарға, орнитологтарға, эко­логтарға арналған айрықша білім орта­лығына айналады деп күтілуде.

Парк жұмысына Ұлыбританиядағы тәжірибе ретінде лондондық сулы-батпақты алқаптың үлгісі, Rainham Marshes табиғи паркі, Шервуд орманы мен Minsmere қорығының үлгі­сі пайдаланылмақ. Қаржы көзі – Ұлы­бри­тания құстарын қорғау Королдік қоға­мының биоалуан­түр­лілікті сақтау бағ­дар­ламасы бойынша бөлінген грант.

Айта кету керек, Талдыкөл көлі 1970-2015 жылдары су жинақтау-буландыру қызметін атқарды. Жер­гілікті дәрежедегі орнитологиялық маңызды аумақта маусымдық миграция кезінде құстардың 200-ге тарта түрін көруге болады, оның ішін­де бұйра бірқазан, ақбас үйрек, сұң­қыл­дақ аққу, аққұйрық субүркіт сияқ­ты ерекше түрлері бар. Сондай-ақ көл аумағына тиесілі далалы аумақта өсім­діктердің 98 түрі тіркелген.

Бөлісу:
Талдыкөл табиғи саябаққа айналады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар