Қоғам
1 мин оқу 601

Шекарадан алтын өткізбек болғандар ұсталды

<p style="text-align: justify;">10 тонна алтын кенін шекарадан Ресей асырмақ болғандар ұсталды, - деп хабарлайды <a href="https://egemen.kz/">Egemen.kz</a> Қазақстан ұлттық арнасына сілтеме жасап.&nbsp;</p>

Бағалы кенді қаптарға салып, Нұр-Сұлтаннан Челябинск облысына алып өтпек болғандар "Қайрақ" автомобиль өткізу бекетінде қолға түсті. Олар жалған құжат жасап,  жүкті "кварцит" ретінде рәсімдеген екен.

Айта өтейік, 1 тонна кеннен 1 келідей таза алтын шығады. Яғни, тәркіленген өнімнің жалпы құны 250 миллион теңгеге бағаланып отыр.

Бөлісу:
Шекарадан алтын өткізбек болғандар ұсталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар