Аймақтар
1 мин оқу 350

Атырау тұрғындары қару мен оқ-дәрі тапсырып жатыр

<p style="text-align: justify;">Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда,&nbsp; атыраулықтар 1 &nbsp;шілдеден бері &nbsp;полиция&nbsp; бөлімдеріне 40-қа жуық атыс қаруы мен 100-ден астам&nbsp; оқ-дәрі&nbsp; тапсырыпты. Ерікті түрде қару мен оқ-дәрі тапсырған тұрғындарға сыйақы ретінде республикалық қазынадан 1 млн 700 мың теңге&nbsp; төленбек, - деп хабарлайды <a href="https://egemen.kz/">Egemen.kz</a></p>

Атырау тұрғындары қару мен  оқ-дәрі тапсырып жатыр

"Акцияның мақсаты – қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, атыс қаруларымен жасалатын қылмыстар мен құқықбұзушылықтардың алдын алу. Акция кезінде ерікті түрде заңсыз сақталған қару-жарақ пен оқ-дәрілерді  тапсырғандар қылмыстық, әкімшілік жауапкершіліктен босатылады. Азаматтарға сыйақы  Ішкі істер министрінің  «Заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәріні және жарылғыш заттарды азаматтардың ерікті түрде өтемді тапсыру қағидаларына бекіту туралы»  бұйрығының талаптарына сәйкес төленеді", - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Бөлісу:
Атырау тұрғындары қару мен оқ-дәрі тапсырып жатыр · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар