Бәйтерек монументінің авторы өмірден өтті
<p style="text-align: justify;">Қазақстанның құрметті сәулетшісі, "Астана-Бәйтерек" монументінің авторы Ақмырза Исаұлы Рүстембеков өмірден озды. Қайғылы қаза туралы "Алматыгенплан" ҒЗИ хабарлады, - деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>
"2020 жылдың 29 шілдесінде Қазақстан сәулетшілер одағының президенті Ақмырза Исаұлы Рүстембеков қайтыс болды", - делінген хабарламада.
Ақмырза Рүстембеков - Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстанның құрметті сәулетшісі, Шығыс елдерінің Халықаралық сәулет академиясының корреспондент-мүшесі, Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясының құрметті профессоры, Ресей сәулетшілер одағының құрметті мүшесі, Қазақстан дизайнерлер одағының мүшесі.
"Астана-Бәйтерек" нысаны үшін ол ТМД елдерінің сәулетшілер одағының Халықаралық қауымдастығының X-ші халықаралық байқауында Гран-при мен алтын медальға ие болды. 2003 жылы Софиядағы Бүкіләлемдік сәулет Триенналының күміс медалін, 2003 жылы Бішкектегі Сәулет фестивалінде Гран-при және Қырғыз Республикасы Сәулетшілер одағының алтын медалін иеленді.