Аймақтар
1 мин оқу 245

Павлодар әкімдігі Құрбан Айт мерекесіне қатысты қаулы шығарды

<p style="text-align: justify;">"Павлодар облысы аумағында Құрбан Айт мерекесін атап өту кезінде коронавирустық инфекцияның таралуына ықпал ететін бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салу туралы" №9 қаулыны шығарды", деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Павлодар облысы әкімдігі, қалалар мен аудан әкімдерінің аппараттары, Полиция Департаменті, Павлодар облысының Ақпарат және қоғамдық даму басқармасы, ҚМБД Павлодар облысы бойынша бас имамына Құрбан Айт мейрамын мерекелеу кезінде 31 шілде – 2 тамыз аралығында төмендегі әрекеттерге ТЫЙЫМ САЛЫНСЫН:

  • Меншік нысанына қарамастан барлық ұйымдарда, сондай-ақ жеке меншік үй иеліктерінде және медреседе адамдар көп жиналатын іс-шаралар өткізуге;
  • Мал союды ұйымдастыруға және өткізуге, автокөліктерде және жеке үй иеліктерінде мал сатуға;
  • Онлайн режимінде құрбандық шалудың жүзегі асыратындарды қоспағанда, мал союд цехтары мен мал сою пунктерінің, мал сою алаңдарының жұмысына;
  • БАҚ құралдары арқылы құрбандық шалуды онлайн режимінде жүзеге асыруды ұйымдастыру туралы тұрғындар арасында түсіндірмелік жұмыстар жүргізу.
Бөлісу:
Павлодар әкімдігі Құрбан Айт мерекесіне қатысты қаулы шығарды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар