Аймақтар
1 мин оқу 160

Павлодар облысында әлеуметтік дүкендер саны 300-ден асты

<p style="text-align: justify;">2020 жылдың соңына дейін&nbsp; 400-ге жеткізу жоспарланып отыр, деп хабарлайды&nbsp;<a href="http://pavlodarnews.kz/kz/">Pavlodarnews.kz</a>&nbsp;тілшісі.</p>

Павлодар облысында әлеуметтік дүкендер саны 300-ден асты

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі онлайн форматта  өткізген баспасөз мәслихатында облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы Жайық  Хасанов  айтты. 


- Бүгінгі таңда әлеуметтік дүкендер саны 100-ден 302 дейін артты, - дейді Жайық Хасанов. - Қазір бұл дүкендердің әрқайсымен әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация жұмыс істейді. Өтініштер  бойынша оларға арзан бағамен өнім ұсынамыз. Бағаны 10 пайыздан асырмау жөнінде  әкімдік, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация және дүкен тарапынан үш жақты меморандумға қол қойылды. 


 Сондай-ақ басқарма басшысы екі ай бұрын тұрақтандыру қорынан 1 млрд теңге бөлінгенін айтып өтті.


- Оның 500 млн теңгесі тауарлы интервенцияға бағытталса,  500 млн теңге – заем, - дейді спикер. - Кәсіпкерлер мен  ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне  бағаны ұстап тұру мақсатында 0,01 немесе 3 пайызбен  алты айға немесе бір жылға  ұсынылады. Қазіргі таңда Павлодар облысында  24 дүкені бар «Инмарт» сауда желісімен жұмыс жүргізілуде. Олар бағаны үшінші, төртінші тоқсанда  10 позиция бойынша ұстап тұрады.  

Бөлісу:
Павлодар облысында әлеуметтік дүкендер саны 300-ден асты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар