Медицина
1 мин оқу 590

Қазақстанда көшеде маска тағып жүру міндеттелді

<p style="text-align: justify;">Бас санитарлық мемлекеттік дәрігер Айжан Есмағамбетова жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

"Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 26 маусымдағы № 43 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының халқы арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

Халық үшін қорғаныш маскаларын кию міндетті:

- жабық үй-жайларда (дәріхана, дүкен, кеңсе, медициналық ұйым, халыққа қызмет көрсету саласындағы ұйым және т. б.), сондай-ақ көлікте, далада болған кезде барлық адамдарға;

- СОVID-19 күдігі бар адамға көмек көрсету кезінде дені сау адамдарға;

- коронавирустық инфекцияға ұқсас ауру белгілері бар адамдарға (дене температурасының көтерілуі, жөтел, түшкіру). 

Бұл ретте осы тармақ адамды міндетті орындауға міндеттейді және бұзылған жағдайда кінәлі адамға әкімшілік шаралар қолданылады.

Жабық үй-жайлардан тыс (далада) халық үшін қорғаныш маскаларын кию халық арасында инфекция жұқтыру тәуекелін азайту үшін ұсынылады:

Мақсаты – адамдарды бет бөліктерін (мұрын, ауыз) ықтимал инфекция жұқтырылған қолмен кездейсоқ ұстаудан қорғау. ДДҰ деректері бойынша адам минутына орташа есеппен 3-5 рет бетін ұстайды, бұл ретте бұл процесті бақыламай, ластанған қолымен инфекция  жұқтыру тәуекелі артады.

Бөлісу:
Қазақстанда көшеде маска тағып жүру міндеттелді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар