Аллен Шәйжүнісов QazExpoCongress-тың басқарма төрағасы болып тағайындалды
<p style="text-align: justify;">Сауда және интеграция министрінің бұйрығымен Шәйжүнісов Аллен Сержанұлы "QazExpoCongress" ҰК" АҚ басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды. Бұған дейін осы лауазымды атқарған Е. Шорманов берген өтінішіне сәйкес қызметінен босатылды. Бұл туралы Премьер-Министрдің Баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> хабарлайыды.</p>
Аллен Шәйжүнісов 1981 жылы Шығыс Қазақстан облысында туған. Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын, Қазақ қаржы-экономика академиясын бітірген.
Еңбек жолын 1998 жылы "Қазақстанкабель" ЖШС-ның Ресей Федерациясы бойынша менеджері болып бастады.
1999-2003 жж. — "Қазақстандық кабельдік компаниясы" ЖШС-ның Ресей Федерациясындағы өкілдігінің менеджері.
2003-2006 жж. — РФ-дағы ҚР Елшілігінің үшінші хатшысы, атташе.
2006-2008 жж. — Маңғыстау облысы әкімінің аппараты жетекшісінің орынбасары.
Түрлі жылдары "Нұр Отан" ХДП Орталық аппараты Хатшылығында, "Самұрық-Қазына Контрак" ЖШС-ында, Қазақстан Республикасының велосипед спорты федерациясында, ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінде, "Қазақстан футбол федерациясы" ЗТБ-да, "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ-да басқарушылық қызметтерді атқарды.
2020 жылдың қаңтар айынан бастап қазірге дейін "QazExpoCongress" ҰК" АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары қызметінде болды.