Қоғам
2 мин оқу 1,215

Жұрт күткен жолдан көп кемшілік анықталды

<p style="text-align: justify;">Былтыр Қызылорда облысындағы Қазалы мен Арал аудан&shy;дары ауылдарын жалғастырып жатқан &laquo;Бекарыстан би &ndash; Жаңақұрылыс&raquo; бағытындағы жол қайта салына бас&shy;тап, осы жаңалықты ұзақ жыл күткен жұртшылықтың көңілінде бір үміт оянып еді. Әсіресе, 33 жылдан бері жөндеу көрмеген жолға түсе бастаған асфальтқа Арал ауданындағы Жаңақұрылыс пен Қаратерең ауылының тұрғындары қатты қуанды.</p>

Жұрт күткен жолдан көп кемшілік анықталды

Бас-аяғы 33 шақырымдық жолдың 11 шақырымы Қазалы­ның аумағында жатыр. Ал қалған бөлігін Арал аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруа­шылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бө­лімі өз теңгеріміне алып, был­тыр тамыз айында жол төсеу басталып кетті. Жылға жуық уақыт аралығында күре жол­дың 9 шақырымына асфальт түсіп үлгерді. Бірақ «Жол активтері ұлттық сапа ор­талығы» РМК Қызылорда облыстық фи­­лиа­лы жүргізген тексеру осы 9 шақырымның талапқа сай еместігін анықтап отыр. Бастапқы тексеру осы жылдың мамыр айында жүргізіліп, онда асфальттің қалыңдығы талапқа сай еместігі белгілі болған. Жоба бойынша жолдың қалыңдығы 6 сантиметр болуы тиіс екен, бірақ тексеру барысында оның небәрі 3-4 сантиметр екені анықталған. Тіпті асфальт құрамының сапасы да сын көтермейтін болып шықты. Филиал мамандары мердігер «НұрТехСервис» жауап­кершілігі шектеулі серік­тестігіне анықталған кемшілік­терді тез арада ретке келтіруді мін­деттепті. Араға ай аралатып, қайта жүргізілген тексеру бұл талаптың орындалмағанын көрсетіп отыр.

– «Екінші тексеруде де еш­қандай жөндеу шаралары жүргізілмегендігі анықталды. Асфальт қалыңдығы әлі де та­­лап­қа сай емес. Тексеру қо­ры­­тындысы жайлы тиісті орын­­дарға хат жолдадық, – дейді «Жол активтері ұлт­тық сапа орталығы» РМК Қы­­зыл­ор­да об­лыстық филиалы бас­шы­сы­ның міндетін атқарушы Ер­жан Усманов.

Жол құрылысы басталған сәтте-ақ Жаңақұрылыс ауылы­ның тұрғындары асфальттың тым жұқа екенін байқаған екен. Бірақ мердігер компания өкіл­дерінің уәдесіне сеніпті.

– 33 жылдан кейін салынып отырған жолды біздің ауыл ғана емес, қаратереңдік ағайын да ұзақ күтіп еді. Енді оның са­па­­сыз салынғанын естіп, қуа­ны­шымыз су сепкендей басылып қалды. Жол тіршілік көзі екені әркімге де белгілі ғой. Біз­дің тілек – жергілікті билік осы мәселеге назар аударып, ха­лық­тың арман-тілегін орындаса, – дейді Жаңақұрылыс ауыл­дық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сердалы Шалбаев.

Қызылорда облысы

Бөлісу:
Жұрт күткен жолдан көп кемшілік анықталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар