Әлем
2 мин оқу 420

Алаш үні – Аргентина төрінде

<p style="text-align: justify;">Аргентиналықтар бүгінде Димашты тәулік бойы тынбай тыңдап жатыр. Бұл туралы dimashnews.com сайты хабарлады. &laquo;Аргентинада Димаш Құдайберген мен оның фанаттарына арналған &laquo;La Era Dimash&raquo; радиостанциясы ашылды. Аталған толқында күні-түні қазақстандық орындаушының әндері қосылады. Аргентинадағы жанкүйерлер үшін 2020 жылдың басты оқиғасы осы болды&raquo;, деп жазды аталған сайт.</p>

Алаш үні – Аргентина төрінде

Тек Димаштың әндері қо­сы­латын радиостанция ашу туралы ой жерлесіміздің Ар­ген­тинадағы тыңдарманы Паола Роминаға 2019 жылдың та­мызында келген екен. Бой­жет­кеннің бастамасын тек Ла­тын Америкасындағы емес, жер жү­зіндегі фанаттар да қол­даған.

Аталған сайт жазғандай, «Dimash´s Dears Argentina» фан-клубы әкімшілерінің бірі Флавия Альтамирано Паоламен аргентиналық фанаттардың Росариодағы кездесуінде та­ныс­қан екен. Қыздар тез тіл табысып, аз уақыттан кейін Паола «The Dimash Era» деген атпен мәдени алмасуға арналған па­рақша ашқан. Бұл парақшада Паола Қазақстан мәдениетін өзге елдердің мәдениетімен салыс­тыра отырып, ұқсастығы жә­не айырмашылығы туралы жариялайды екен.

Фанаттар тарапынан оң баға алған Паола дүние жүзіндегі фанаттарға тарту жасағысы кел­ген. Ойлана жүріп соңында жеке радио станция ашуға бел буыпты. Жаңа идеясы туралы Паола аргентиналық Dears-қа ха­барлайды, ал олар өз кезе­гінде қуана-қуана қолдау та­нытқан.

Айта кетуіміз керек, радио­станцияның негізгі мақсаты – әлем­де болып жатқан жағдайға бай­ланысты қиналған, мұқтаж жандарға, фанаттарға бақыт сыйлау. Радионы WiFi желісі жоқ орындарда да мобильді траффик жұмсамай-ақ тың­дай беруге болады. Ол үшін «ZenoRadio» мо­бильді қосым­ша­сын «App Store» және «Google Play-ден» жүктеп алуға болады.

Димаш бүгінде әлемге танымал тұлға. Қаршадай ұлдың қа­зақ сахарасында туып, аз ғана жылдың ішінде аты әлем­ге мәшһүр болуы, Атлант мұхи­тын асып Аргентина төрінде тәу­ліктер бойы әні шырқалып жатуы – ұлтымызға теңдессіз мерей.

Қазақтың әні мен сәнін, өне­рі мен тілін насихаттап жүр­ген құбылысты ел ішінде бұдан да үлкен құрметпен насихаттауымыз керек қой.

Бөлісу:
Алаш үні – Аргентина төрінде · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар