Президент
1 мин оқу 720

Қасым-Жомарт Тоқаев Құрбан айт мерекесімен құттықтады

<p style="text-align: justify;"><strong>Құрметті отандастар! </strong></p> <p style="text-align: justify;">Баршаңызды қасиетті Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құт&shy;тықтаймын!</p>

Қасым-Жомарт Тоқаев Құрбан айт мерекесімен құттықтады

Асыл дініміз бен салт-дәстүрі­міздің сабақтастығын бекемдеп, ру­хани құндылығымыздың ажырамас бөлігіне айналған қастерлі мей­рамның күллі мұсылман әлемінде алатын орны ерекше.

Тарихымызбен тамырлас, таны­мы­мызбен өзектес Құрбан айт Қазақ­стан халқын бейбітшілік пен тату­лыққа, өзара сыйластыққа, береке-бір­лікке үндейді. Имандылық пен пара­саттылықты, жасампаздық пен мейі­рімді дәріптеп, жақсылыққа жол ашады.

Бүгінде жалпы адамзатқа ауыр салмақ салып отырған қауіпті індетті жеңіп шығу үшін бізге тас түйін ауыз­бір­шілік пен темірдей тәртіп қажет. Қа­зіргідей күрделі кезеңде бір-бірі­мізге қол ұшын беріп, барымызды бөлісіп, жұртымыздың аман-саулығын ойлап, жауапкершілік танытуы­мыз аса маңызды. Тілегіміз бір, ниетіміз ортақ болса, мақсаты­мызға жетеміз. Бірлігімізді бекемдеп, ынтымағымызды арттыратын бұл мерекенің мән-мағынасы да осында екенін баса айтқым келеді.

«Сабыр – сәулетті байлық» дейді хал­­қымыз. Рухы асқақ ел ретінде бар­лық сынақты еңсеретінімізге сенемін.

Әр шаңыраққа құт-береке тілей­мін! Халқымыздың амандығы үшін шалған құрбандықтарыңыз қабыл болсын! Құрбан айт баршамызға жақсылық әкелсін!

Бөлісу:
Қасым-Жомарт Тоқаев Құрбан айт мерекесімен құттықтады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар