Аймақтар
1 мин оқу 450

Атырау облыстық ауруханасында күрделі оталар жасалады

<p style="text-align: justify;">Аурухана хирургтары оны тамыздың ортасында бастағалы отыр. Бұл туралы аурухананың бас дәрігері Ербол Иманғалиев мәлім етті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;</p>

Атырау облыстық ауруханасында күрделі оталар жасалады

Бас дәрігердің айтуынша, қазір ауруханада инфекциялық орындар саны азайтылып, жоспарлы емдеу шараларын жүргізуге дайындалуда. Мұнда "таза аймақ" жасақталып жатыр.

"Жақында хирургиялық, неврологиялық, сондай-ақ оңалтуды қажет ететін бейінді науқастарды емдеуді бастаймыз. Тамыз айының ортасында күрделі оталарды жасауды жоспарлап отырмыз", дейді облыстық аурухананың бас дәрігері Ербол Иманғалиев.

Бұл аурухана шілдеден бері ​ 400 орындық инфекциялық стационарға бейімделген болатын. Қазір ауруханада қауіпті індет жұқтырып түскен науқастардың саны азайыпты.

"Бұрын қабылдау бөлімшесіне тәулігіне инфекциялық аурумен 60-қа жуық науқас түсетін. Соңғы кезде тәулігіне 15-ке жуық  науқасты қабылдаудамыз. Бүгінгі күні инфекциялық стационарда ем қабылдап жатқан 137 науқас бар. Енді тамыз айынан бастап 200 керуетке жоспарлы түрде емделетін науқастарды қабылдауға дайындалудамыз", деді Ербол Иманғалиев.

Бөлісу:
Атырау облыстық ауруханасында күрделі оталар жасалады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар