Аймақтар
1 мин оқу 400

Карантин кезінде жертөледе компьютерлік клуб жұмыс істеген

<p style="text-align: justify;">Ойын мекемесін Алматы қаласы Әуезов ауданының полициясы бірқатар нысан әкімшілігінің карантин нормаларын сақтауын бақылауға бағытталған рейдтер кезінде "Ақсай-1" ықшам ауданында анықтаған. Бұл туралы Polisia.kz-ке сілтеме жасай отырып&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;хабарлайды.</p>

– Көзге бірінші түскен нәрсе терезесі жоқ бөлме, ол желдетілмейді дегенді білдіреді. Ал осы уақытты компьютерлік ойындар ойнаумен өткізетін адамдар үшін вирусты жұқтырып алу қауіптілігі жоғары. Мекеме иесіне қатысты ҚР ӘҚбК-нің 425-бабы бойынша әкімшілік материал жиналды, ол өз құзыретіне сәйкес кейіннен ДКБТУ-дың аудандық бөліміне берілді. Бұл дегеніміз, 230 АЕК көлемінде айыппұл, қазіргі уақытта 638 мың теңгеден асады, – деді Әуезов аудандық Полиция басқармасының басшысы Әлішер Тұрсынбетов.

Естеріңізге сала кетейік, қала жағдайында Әкімдік, СЭС және полиция қызметкерлері арасында шектеулі шаралардың сақталуын қадағалайтын және бақылайтын, сондай-ақ халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарының бұзушылықтарын анықтайтын арнайы мобильді топтар бар.

Бөлісу:
Карантин кезінде жертөледе компьютерлік клуб жұмыс істеген · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар