Аймақтар
1 мин оқу 270

Индерде адасып қалған баланы полицей отбасына табыстады

<p style="text-align: justify;">Индер ауданында полиция капитаны адасып қалған баланы тауып алып, ата-анасына табыстады. Бұл туралы Polisia.kz-ке сілтеме жасай отырып&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;хабарлайды.</p>

Аудан орталығындағы Шоқан Уәлиханов мектебі маңайында адасып, жылап жүрген баланы байқап қалған полицей Алтынай Измұханова ойланбастан, баланың жанына барып, жұбатып, айналадан сұрастыра жүріп, бөлімге ертіп келіп, оқиғаны басшыларға баяндайды.

5-6 жастағы балдырғанның туыстарын анықтау жұмыстарына бөлім қызметкерлері түгелдей жұмылдырылды. Көп ұзамай кішкентай Шыңғыстың тұрғылықты жері мен ата-анасы туралы ақпараттар анықталды. Балаларын өз беттерімен іздеп таппаған соң, полицияға хабарласайын деп отырғандарын айтып, Шыңғыстарының аман-сау табылғанына қатты қуанып, полиция қызметкерлеріне алғыстарын жаудырды.

Бөлісу:
Индерде адасып қалған баланы полицей отбасына табыстады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар