Спорт
1 мин оқу 111

Олимпиада рейтингі жаңарды

<p style="text-align: justify;">Бүкіләлемдік таэквондо федерациясы спортшылардың тамыз айындағы рейтингін жаңартты, деп хабарлады ҰОК баспасөз қызметі.</p>

Олимпиада рейтингі жаңарды

Халықаралық ұйым 1 тамызда таэквон­дошылардың Олимпиада рейтингін жаңар­тып, өзгеріс енгізді. Жаңартылған рейтинг­ке сәйкес, қазақстандық екі таэквондо спор­тының шебері үздік 16 спортшының қата­рынан көрінді.

Атап айтар болсақ, 80 килодан жоғары салмақта өнер көрсететін Смайыл Дүйсебай 182,44 ұпаймен үздіктер санатының 13-саты­сында тұр. Қандасымыз – жазғы Универ­сиада ойындарының күміс, бірқатар халық­аралық додалардың жүлдегері. Ал Рио Олим­пиадасында еліміздің көк байрағын ұстап шыққан Руслан Жапаров 171,16 ұпаймен 14-орынға жайғасқан.

Бөлісу:
Олимпиада рейтингі жаңарды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар