Спорт
1 мин оқу 310

Әлемнің ең қымбат ұжымы анықталды

<p style="text-align: justify;">Forbes 2020 жылғы әлемнің ең қым&shy;бат 50 командасының тізімін жария&shy;лады. Рейтингтің көшін бесінші жыл қа&shy;тарынан АҚШ-тың &laquo;Даллас Ковбойз&raquo; клубы бастап келеді.</p>

Әлемнің ең қымбат ұжымы анықталды

Америкалық футбол клубының қазіргі бағасы – 5,5 млрд доллар. Ал клуб иесі Джерри Джонстың байлығы 8,5 млрд долларды құрайды. Екінші және үшінші орындарға да АҚШ командалары орналасқан. Екінші сатыда тұрған «Нью-Йорк Янкиз» бейсбол клубының қазіргі бағасы 5 млрд доллар болса, үздік үштікті түйіндеген «Нью-Йорк Никс» баскетбол клубының бағасын Forbes басы­лымы 4,6 млрд долларға бағалаған.

Кейінгі орындарға «Лос-Анжелес Лэй­керс» (баскетбол, 4,4 млрд доллар), «Гол­ден Стэйт Уорриорз» (баскетбол, 4,3 млрд доллар), «Реал» (футбол, 4,24 млрд), Нью-Ингленд Пэтриотс», (америкалық футбол, 4,1 млрд доллар), «Барселона», (футбол, 4,02 млрд), Нью-Йорк Джайентс» (америкалық футбол, 3,9 млрд доллар) және «Манчестер Юнайтед» (футбол, 3,81 млрд доллар) командалары орналасқан.

Бөлісу: