Оқиға
1 мин оқу 150

БАӘ атом стансасын іске қосты

<p style="text-align: justify;">Al Jazeera арнасының мәлімет&shy;теріне сүйенсек, Біріккен Араб Әмір&shy;лік&shy;тері Парсы шығанағы елдері арасында бірінші болып атом электр стансасын салуға кіріскен болатын.</p>

БАӘ атом стансасын іске қосты

Emirates Nuclear Energy Corpo­ration-нің хабарлауынша, нысанды іске қосу жұ­мыс­тары әлдеқашан басталып кеткен көрінеді. «Барака» деп аталатын атом электр стансасы Әбу-Даби қаласының батыс жағалауында орналасқан. Кешен 2017 жылы ашылуы тиіс-тұғын. Алайда түрлі жағдайға байланысты кейінге шегеріліп келген.

Дубайдың әміршісі шейх Мұхаммед бин Рашид әл-Мактум сүйінші хабарды туиттердегі парақшасында жазып, алғашқы ядролық отын сәтті толтырылғанын жариялады. Оның айтуынша, «Барака» араб әлемін­дегі бейбіт мақсатта қолданылатын алғашқы атом энергиясы.

«Біз негізгі мақсатымызға – халқымыздың энергетикалық қажеттіліктерін өтеп, алдағы дамуы­мызды қауіпсіз, сенімді әрі зиянсыз электр энергия­сымен қамтамасыз етуге тағы бір қадам жасадық», деді ENEC компаниясының төрағасы Мұхамед Ибраһим әл-Хаммади.

Бөлісу:
БАӘ атом стансасын іске қосты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар