Атырауда полицейлер 1 тоннаға жуық бекіре тәркіледі

Балықты аулаудың да заңмен бекітілген қағидасы бар. Алайда, бекіре тұқымдас бағалы балықтар қорына суық қолын сұғатындар мұны елей бермейді.

Дегенмен, облыстық полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиевтың айтуына қарағанда, биылғы алтыайда балық қорын қорғауға қатысты құқықбұзушылықтарды төмендетудің мүмкіндігі артты. Бұған әсіресе, браконьерлік үшін берілетін жазаның қатаңдатылуы оң ықпалын тигізіп отыр. Сондай-ақ, карантин режимінің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында жүргізілген іс-шаралардың әсері тиіпті.
"Жыл басынан бері жүргізілген профилактикалық іс-шаралар кезінде табиғат қорғау заңдылығы 337 рет бұзылғаны анықталды. Оның 305-і балық қорына қол сұғушылыққа қатысты болды. Осыған байланысты полиция қызметкерлері 57 қылмыстық іс қозғады. ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 383-бабымен (Балық аулау және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау қағидаларын бұзу) 276 хаттама толтырылды" дейді департамент бастығы Қамза Үмбетқалиев.
Полиция қызметкерлері алты айда құқық бұзушыларға 3 млн теңгеден астам айыппұл салды. Айыппұлдың 1,5 млн теңгеден астамы өндірілді. Заңсыз сауда айналымынан 9 тоннадан астам балық тәркіленді. Оның ішінде 999 кило бекіре тұқымдас бағалы балық түрлері бар. Сондай-ақ, заңсыз балық аулаушылардан 284 ау мен 2 суда жүзу құралы алынды.