Аймақтар
2 мин оқу 670

Мақсаты биік Мақсат

<p style="text-align: justify;">Ниет пен құлшыныс тізе қос&shy;са, талапты жастың қолынан келмейтін дүние жоқ. Мұны көкше теңіз жағасындағы Балқаш қаласында тұратын Мақсат Тақа&shy;баев есімді еңбекқор жігіт іспен тақа дәлелдеп жүр. Қазір ол Made in Balkhash тауарлық белгісімен спорттық жеңсіз жейде тігіп, шаруасын дөңгелете бастады.</p>

Мақсаты биік Мақсат

Бүгінде ісмер азамат жүзден астам тапсырысты тиянақты етіп орындап шыққан. Тұтынушылар тарапынан өкпе-реніш, ескертпе болмапты. Қайта, алғыстарын жаудырып, талапты жастың құл­шынысы мен ынтасын арттырып қойған.

Мақсат бұл істі Балқаш қа­ласы әкімінің бизнесті дамытуға арналған грантын жеңіп алған­нан кейін бастапты. Енді ол ілге­рілеудің жайын ойлап, өз ісі­нің ауқымын кеңейтуді жоспарлап жүрген көрінеді. Жас кә­сіпкер жұмысының ырғағы сырт­тан қа­рағанда былайша түзіледі: кесте машинасының бағдар­ламасына тапсырыс беруші таңдаған эскиз жүктеледі. Қысқа ғана жазба не­месе сурет салу жарты минут уақыт­­­ты алады, ал тұтас суреттер бір сағатқа дейін кестеленеді екен.

– Біз өнімге Made in Balkhash деген жапсырмаларды міндетті түрде тігеміз. Бұл заттың қайда жасалғанын көрсетеді. Сондай-ақ тапсырыс берушінің өтініші бойынша әртүрлі сөздер мен суреттер саламыз, – дейді әмбебап маман.

Бүгінде Мақсат бұл істі отба­сылық бизнеске айналдырған. Шағын шеберханасының жұмыс істеп тұрғанына жарты жылдай болып қалыпты. Ең басты және сенімді көмекшісі – анасы Гүлнәр Сыздықова. Ол кісі минутына төрт мың айналым жа­сай алатын өндірістік тік бұ­рышты станоктың құлағында ой­найды. Бұл машина үш сағат ішінде ма­таның кесіндісін дизай­нерлік жейдеге айналдыра алады екен.

– Егер алаңсыз жұмыс істей­тін болсақ, күніне үш-төрт футболка тігуге болады. Біз, әрине, ең алдымен сапаға мән береміз. Сондықтан тек түрік маталарын пайдаланамыз, – дейді Гүлнәр Сыздықова.

Қазіргі уақытта Мақсаттың фут­болкалары әлеуметтік желі­лер арқылы сатылады. Өтімі жаман емес: бүгінге дейін жүзден астам футболка мен қалпақ тұты­нушысын тапқан.

Жақында жас кәсіпкер Бал­қаш қаласы әкімінің бизнесті дамытуға арналған 2 млн тең­ге грантын жеңіп алды. Бұл қар­­­жы, әрине, өріс кеңейтіп, жаңа деңгейге шығуға мүмкіндік береді. Мысалы, бұған дейін фут­бол­­каға ғана кесте тігіп келген Мақсат енді қалпақша, күрте, тіп­ті аяқкиімге дейін кестемен түрлі таңба түсіріп, жазу бедерлей алатын болады. Бұл үшін жас кәсіпкер өнеркәсіптік кесте тігу өндірісін жолға қоймақ.

Несі бар, талапты жастың Made in Balkhash затбелгісі елі­міз­дегі танымал брендтердің бі­рі­не айналып жатса, таңдануға бол­мас. Себебі талпынған мақ­са­тына жетпей тынбайды!

Қарағанды облысы,

Балқаш қаласы

Бөлісу:
Мақсаты биік Мақсат · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар