Оқиға
1 мин оқу 1,920

Атажұртқа оралған қандастар

<p style="text-align: justify;">Әлемнің әр еліне тарыдай шашырап кетіп, атажұртқа оралуды аңсаған қандасымыз қаншама? Десек те, биыл мұнайлы өңір топырағына шетелдерден 35 отбасының 47 адамы көшіп келді.</p>

Атажұртқа оралған қандастар

Облыстық жұмыспен қам­туды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Серік Қамидолланың айтуынша, қандастардың басым бөлігі бұрын Өзбекстан Республикасында тұрған екен. Көршілес елден 35 ада­мы бар 25 отбасы оралды. Қы­тайдан сегіз отбасы, құ­ра­мын­да 10 адам, ал Украи­на­дан екі отбасының екі адамы ата­жұртты са­ғына жетті.

– Атырауға көшіп кел­ген қандастардың «Орал­ман мәр­тебесін беру туралы» өтініші Ха­­лыққа қызмет көрсету орта­лығы арқылы түсті. Олар­дың құжаттары қаралып, оралман мәртебесін беру туралы шешім қабылданды. Қазір қандас­тарымыздың бәрі облыс­тағы қала мен аудандарға орналасты, – деді Серік Қамидолла.

АТЫРАУ

Бөлісу:
Атажұртқа оралған қандастар · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар