Аймақтар
1 мин оқу 150

Айтылған ескертуді елер емес

<p style="text-align: justify;">Қоғамдық жағажайлардың жұмысына тыйым салынғанына қарамастан, тұрғындар Павлодар облысындағы су айдындарында шомылуды доғарар емес. Адамдар жабдықталмаған және тыйым салынған жерлерде шомылғандықтан, қайғылы жағдайларға әкеп соқтыруда.</p>

Айтылған ескертуді елер емес

Жақында Ертіс өзенінің Сын­тас ауылынан бес шақырым жер­дегі жағалауында отбасымен бір­ге демалуға келген әкесі мен ұлы суға батып кетті. Жергілікті тұрғындар 1998 жылы туған жігіттің денесін судан алып шық­ты. Оқиға орнына келген «Өрт сөндіру және авариялық-құт­қару жұмыстары қызметі» ММ жедел-құтқару жа­сағының сүңгуірлер тобы 1973 жылы туған отағасын іздеу жұмыс­тарын әлі жалғастырып жатыр. Оның де­несі бүгінгі күнге дейін табылмады.

Павлодар облысының Төтен­ше жағдайлар департаменті ай­мақ тұрғындары мен қонақтары­на облыстың бас мемлекеттік са­ни­­тарлық дәрігері Батырбек Әлиев­­тің №8 қаулысының 10-тар­ма­ғына сәйкес өңірдің қо­ғам­дық жаға­жай­ларының қыз­метіне тыйы­м салын­ғанын еске салады.

Өткен тәуліктің ішінде де­партамент бөлімшелері об­лыс­тың су айдындарында 25 рейд жүр­гізген. 18 мамырдан бері де­партамент қызметкерлері жер­­­­­гілікті атқарушы органдар, жер­­­­гілікті полиция қызметі және қоғамдық ұйымдардың өкіл­де­рі­мен бірлесіп, барлығы 1682 рейд өткізді. Рейд барысында олар шомылу кезеңіндегі қа­уіп­­­­сіз­дік ережелері бойын­ша 12 мың­нан астам жадына­ма таратты. Қазақстан Рес­пуб­ликасы­ның «Әкім­шілік құ­қық бұзушылық­тар туралы» ко­дек­сінің 440-бабы бойынша 29 адам қоғамдық орындар­да алкогольдік ішім­дік­тер іш­ке­ні үшін әкімшілік жауап­­кер­шілікке тартылды, 225 адам 364-бапты бұзып, тыйым са­лын­ған жерлерде шомылған.

Бөлісу:
Айтылған ескертуді елер емес · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар